Ссылки доступа

NYT: Ресей Киев пен Львовтағы дипломаттардың отбасыларын көшіре бастады


Здание посольства России в Киеве (архивное фото)
Здание посольства России в Киеве (архивное фото)

Ресейдің екі консулдығындағы дипломаттарға Украина аумағынан кетуге дайындалу туралы жарлық түсті. Бұл туралы The New York Times газеті Украина қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым дереккөзінің айтуынша, ресейлік дипломаттардың балалары мен әйелдері, барлығы 18 адам Украинадан 5 қаңтарда кетті. Ресейдің Киевтегі елшілігі мен Львовтағы консулдығында істейтін шамамен тағы 30 адам одан кейінгі күндері көшті.

АҚШ-тың ресми өкілінің хабарлауынша, Вашингтон эвакуация болатынын білген. "Ресей үкіметі Украинадағы елшілікте істейтіндердің отбасыларын желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басында көшіріп алуға дайындалған", — делінген мәлімдемеде.

Ресей елшілігі қызметкерлері санының азаюы "үгіт-насихат, жанжалға дайындық, қулық немесе осылардың бәрі де болуы мүмкін", деп топшылайды америкалық газет.

Вашингтонның пікірінше, Ресей президенті Владимир Путин көрші елге басып кіру туралы шешімді әлі қабылдамаған, делінген мақалада.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің Киевтегі елшілігі әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын "Интерфакс" агенттігіне хабарлаған.

Былтырғы күзден бері ақпарат құралдарында Ресей әскерінің Украина шекарасы маңына шоғырланғаны туралы мәліметтер көп жарияланды. АҚШ пен өзге де Батыс елдері Мәскеу әскери шабуылға дайындалып жатыр деп болжайды. Кремль бұны жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG