Ссылки доступа

Ресейдің Тәжікстандағы 201-әскери базасы тактикалық оқулар өткізіп жатыр


18 қаңтарда Ресейдің 201-базасының мотоатқыштар бөлімі Ляур мен Сумбули полигондарында тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Ресейдің орталық әскери округының хабарлауынша, оқу барысында артиллерия мен тікұшақтар қолданылды. Жаттығуларға 1 мың жауынгер қатысты.

Тәжікстандағы 201-әскери база - Ресейден тыс жерде орналасқан ең ірі әскери нысан. Ол Душанбе мен Бохтарда орналасқан. База құрамында 7 мың сарбаз бен офицер бар.

Ауғанстанда билікке "Талибан" қозғалысы келгелі бері 201-әскери база құрамындағы бөлімдер жүз шақты оқу-жаттығу өткізді. Әскери базаға артиллерияның жаңа түрлері, зымыран қондырғылар, тікұшақтар мен танктер жеткізілді.

XS
SM
MD
LG