Ссылки доступа

Еуропарламентті мальталық саяаткер Роберта Метсола басқарады


Роберта Метсола (в центре)

Еуропарламенттің жаңа төрайымы қызметіне Мальта өкілі Роберта Метсола сайланды.

43 жастағы саясаткер Еуропарламент тарихындағы ең жас басшы атанды. Сонымен бірге, Метсола - Еуроодақтағы ең шағын мемлекет - Мальтаның еуропалық институцияны басқарған алғашқы өкілі.

Консерватор саясаткердің кандидатурасын Еуропарламенттегі үш ірі фракция қолдады, солардың ішінде бұған дейінгі басшыны билікке әкелген социалистер де бар.

Роберта Метсоланың күйеуі – Еуропарламенттегі фин депутаты Укко Метсола. Олардың төрт баласы бар.

XS
SM
MD
LG