Ссылки доступа

Душанбе билігі қала орталығындағы "жазушылар үйлерін" бұзғалы жатыр


Строительство нового объекта в центре Душанбе
Строительство нового объекта в центре Душанбе

Тәжікстан астанасының билігі қала орталығындағы екі тұрғын үйді бұзуды көздеп отыр. Мұнда танымал жазушылар мен өнер өкілдері тұрады.

Тәжікстан халық әртісі Мариям Исоева "жазушылар үйлерін" бұзуға қарсы шығып отыр. "85 жастамын. Өмірімді өнерге арнаған адаммын, үйлерді не үшін бұзғалы жатқанын сұрауға құқым бар", - дейді танымал актриса.

Душанбе орталығындағы бұл үйлер шамамен 40 жыл бұрын салынған. Тұрғындар оларды астанадағы басқа да тұрғын үйлермен салыстырғанда "аса ескі емес" деп есептейді.

"Қазір мұнда қарт жазушылар мен өнер иелері тұрады... Басқа орынға үлкен кітапханамды көшіруге қауқарым да, күшім де жоқ", - дейді Тәжікстанның халық жазушысы Урун Кухзод.

Тұрғындар Тәжікстан басшыларының атына ұжымдық хат жазуды көздеп отыр.

Еске салайық, Душанбе билігі 2021 жылғы қарашада жазушы Садриддин Айнидің мұражай үйін бұзу туралы шешім қабылдаған. Сол кезде астаналықтар сенат спикері, Душанбе басшысы Рустам Эмомалиге хат жазып, ол қаламгер үйін бұзуды кейінге қалдырған.

XS
SM
MD
LG