Тедрос Адханом Гебрейесус 18 қаңтарда коронавирустың "Омикрон" штамы қауіпті емес деу қателік болатынын еескертті.
"Омикрон" орташа мөлшермен алғанда ауыр болмауы мүмкін, бірақ оны жеңіл ауруға жатқыза алмаймыз. Қателеспеңіз: "Омикрон" жұқтырғандар да ауруханаға түседі, бұл штамнан да кісі өледі, науқастардың жағдайы ауыр болмаса да медициналық мекемелер толып қалады", — деді Гебрейесус Женевада ДДСҰ-ның штаб-пәтерінде.
Өте жылдам жұғатын "Омикрон" штамы әлемнің көптеген елдеріне таралып үлгерді. Бразилиядан Францияға дейінгі аралықтағы елдерде вирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд тіркеліп жатыр. Мәліметтерге қарағанда, COVID-19-ға қарсы қолданып жүрген вакциналар "Омикронды" тежей алмай отыр, бірақ вакцина аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.