Айыптаушы тарап Порошенконы қамауға алуын, бостандыққа шығу кепілін бір миллиард гривень деп белгілеуін соттан сұрады. Саясаткердің адвокаттары болса оған бұлтартпас шарасын қолданбауын өтінді.
Порошенконың жақтастары сот шешіміне қуанғаны сонша, олар сот залында елдің әнұранын шырқады.
Еуропарламент Порошенко ісі бойынша сот тыңдауын талаптарға сай өткізуге үндеді.
Порошенконы "мемлекетті сатты", "терроризмді қаржыландырды" деп айыптап отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, 2014 жылы президент болып тұрған уақытта Донбасстағы ресейшіл жікшілдерден көмір сатып алу арқылы заң бұзған. Адвокаттар іс материалдарында саясаткердің кінәсіне дәлел жоқ деп отыр. Порошенконың өзі қудалауға ұшырауын қазіргі президент Владимир Зеленскийдің кек алу әрекеті деп атады.
Порошенко Варшавадан Киевке 17 қаңтарда оралды. Ол ресейлік агрессияға төтеп беру үшін азаматтарды өзінің айналасына топтасуға шақырды.