Мекеме мәліметінше, былтыр шетелде ауыр жағдайда қалған 321 өзбек азаматы елге жеткізілген, ал жарақаты ауыр 17 еңбек мигрантының медициналық қызмет шығыны өтелген.
Бұған қоса, сыртқы еңбек миграциясы агенттігі шетелде жұмыс істейтін 8 811 өзбек мигрантына заң көмегін көрсетіп, 295 102 адамға кеңес берген, 13 424 адамға материалдық көмек төлеген.
Сонымен бірге, 358 еңбек мигранты уақытша жатақханаға жатқызылған.
Агенттік шетелде еңбек ақысын ала алмаған мигранттардың шамамен 984 мың доллар жалақысын төлетуге көмектескенін хабарлады.