Ссылки доступа

Қырғыз саясаткері Бақтыбек Калмаматов үйқамаққа шықты


Бішкек қалалық соты 20 қаңтарда саясаткер Бақтыбек Калмаматовты үйқамаққа босатты. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұның алдында Бішкектің 1-май аудандық соты Калмаматовты 9 ақпанға дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарған. Саясаткердің қорғаушысы аудандық сот шешіміне шағымданды.

Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты Бақтыбек Калмаматов былтырғы 22 желтоқсанда ұсталды. Оған әлеуметтік желілерде аймақаралық араздық туғызуға қатысты деген айып тағылған.

Калмаматов айыптауларды жоққа шығарып, істің саяси астарын айтып отыр. 28 қарашада өткен парламент сайлауында ол "Азаттык" партиясы атынан саяси бәсекеге қатысып, Жогорку Кенешке өте алмай қалды.

XS
SM
MD
LG