Ссылки доступа

Тәжік оппозиционері Махмадали Хаиттың туыстары оның түрмедегі тағдырына алаңдайды


Махмадали Хаит
Махмадали Хаит

Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясының мүшесі Махмадали Хаиттың туыстары оның түрмедегі тағдырына алаңдап отыр. Жеті айдан бері саясаткер туралы хабар жоқ.

ТИӨП төрағасының бұрынғы орынбасары Махмадали Хаит өмірлік түрме жазасына кесілген. Тәжікстанда өмірлік түрме жазасын алғандардың туыстары онымен жарты бір мәрте кездесе алады.

Хаиттың туыстарының айтуынша, кезекте кездесу 2021 жылғы қарашада болуы тиіс еді, бірақ колония әкімшілігі кездесуге рұқсат бермеді. Соған байланысты олар Хаиттың денсаулығына алаңдай бастады.

Саясаткердің ұлы Фируз Махмадали Бас прокуратураға, елдегі басқа да құрылымдарға арызданған, бірақ жауап ала алмаған. Сол себепті ол халықаралық ұйымдарға жүгінуге мәжбүр болған.

"Ресми құрылымдар үндемей отыр. 18 қаңтарда біз БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарына, Қызыл Крестке, ЕҚЫҰ-ға және басқа да ұйымдарға хат жолдадық. Құқық қорғаушылардың көмегін күтеміз", - деді ол.

2018 жылы сәуірде БҰҰ-ның жұмыс тобы Душанбеден Махмадали Хаитты босатуын талап еткен. БҰҰ Хаиттың 2015 жылы қамауға алынуы халықаралық құқықтарды бұзады деп таныған.

XS
SM
MD
LG