Ссылки доступа

Тоқаев игерілмеген кеніштерді "ақша салуға дайын" компанияларға беруді тапсырды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні ірі кәсіпкерлермен кездесу кезінде игерілмеген кеніштерді "ақша салуға дайын" компанияларға беруді тапсырды.

"Табиғи байлығымызды барынша тиімді пайдалану қажет. Үкімет барлық кеніштерді тексеріп, игерілмегендерін анықтап, әрі қарай шетел және жергілікті инвесторларды тартып, жұмыс істеуі қажет" деді Тоқаев.

Ол егер кеніш артық қор ретінде алынып, игерілмей тұрған болса, оны мемлекет тәркілеп, "ақша жұмсауға дайын" компанияларға беруі тиіс деді.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі Тоқаевтың тапсырмасымен "Оператор РОП" компаниясын утилизация алымын жинау құқығынан айырған. Бұл компания бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызымен байланысты деп айтылады. Үкімет компания функциясын мемлекеттік ұйымға жүктеген.

Ұзақ уақыт жұрт алдына шықпай кеткен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев 18 қаңтарда видеомәлімдеме жасағаннан кейін де кейбір сарапшылар экс-президент пен Тоқаев арасында "келіссөздің" толық бітпеді деп топшылаған. Елде Назарбаевтың жақындары мен оған адал делінген шенеуніктер қызметінен кетіп жатыр.

XS
SM
MD
LG