Ссылки доступа

Тәжік соты кәсіпкер әйелдерді қолдап, кеден тартып алған күрішті қайтарып берді


Курбонхон Охонова и Нигора Рахимова
Курбонхон Охонова и Нигора Рахимова

Тәжікстанда Бободжон Гафуров ауданының соты Соғды облысының кеден басқармасынан екі кәсіпкер әйелден тартып алынған бірнеше тонна күрішті қайтаруды талап етті.

2021 жылғы қазанда облыстық кеден басқармасының қызметкерлері кәсіпкер әйелдердің шамамен төрт тонна күрішін алып қойған. Алайда Курбонхон Охонова мен Нигора Рахимова сотқа жүгініп, үш айдан соң сот кәсіпкерлерді жақтап шешім шығарды.

Қырғызстаннан заңсыз әкелінді деген күдікпен тәркіленген күріш Тәжікстанда өсірілгені дәлелденді.

"Сот шешімі 14 қаңтарда қабылданды. Тараптар шағым түсірмесе, үкіме он күнде күшіне енеді", — дейді соттағы дереккөз.

Кәсіпкерлердің сот үкіміне риза, ал кеден қызметінің үкімге шағым түсірер-түсірмесі әзірге белгісіз.

Тәжікстанның солтүстіктігінде Қырғызстан мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тауар контрабандасы өзекті тақырыптардың біріне айналған. Бұның алдында Соғды облысының кеден басқармасы аймақта контрабанданың 164 жолы бар екенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG