Ссылки доступа

Тәжік билігі 23 адамның COVID-19 жұқтырғанын хабарлады


Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі 23 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Екі ай бойы билік елде COVID-19 жұқтырған науқас жоқ деп келген.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған науқастардан вирустың нақты қай штамы анықталғанын айтпады.

Қазір елде тұмауратып жүргендер көп. Сол себепті сарапшылар ресми биліктің елде коронавирус жоқ деген мәлімдемелеріне күмәнмен қарайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, пандемия басталғалы бері Тәжікстанда 17 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 124 адам осы вирустан қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG