Ссылки доступа

Сирияда күрд жасақтары мен ИМ содырларының шайқасында кем дегенде 120 адам опат болды


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

"Сирияның демократиялық күштері" (SDF) күрд жасақтары мен "Ислам мемлекеті" содырларының шайқасында кем дегенде 120 адам опат болды. Ұрыс Сирияның солтүстік-шығысында билікке бағынбайтын провинцияның орталығы Әл-Хасака қаласында болды.

"Әл-Арабия" телеарнасының хабарлауынша, америкалық әскер қолдауына ие SDF жасақтары Әл-Хасака түрмесіне тағы бір мәрте шабуылдаған. ИМ содырлары түрменің бір бөлігіне бекінген. Мұнда 3,5 мыңнан астам тұтқын отыр. 23 қаңтарда таралған мәліметтерге қарағанда, күрд жасақтары түрмеге бақылау орнатқан. Бұған АҚШ көмектескен.

20 қаңтарда ИМ содырлары Әл-Хасека қаласына кіріп, сондағы Эс-Синаа түрмесіне шабуылдады. Олар жарылғыш тиелген екі автокөлікті түрмеге кіретін жерде жарған.

Құрама Штаттар қамаудағы экстремистерді босатуды көздеген ИМ содырларының әрекетін сынады.

Кеңсесі Лондонда орналасқан Сириялық мониторинг орталығының мәліметінше, бірнеше күнге созылған ұрыста күрд жасақтары ИМ-нің 77 содырының көзін жойды, SDF күштерінде 39 адам оққа ұшты. Шайқас кезінде кем дегенде жеті бейбіт тұрғын опат болғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG