Ссылки доступа

Тәжікстан Пекиндегі қысқы Олимпиадаға қатыспайды


Горнолыжная база, расположенная в Сафеддаре, по словам специалистов, не отвечает международным стандартам
Горнолыжная база, расположенная в Сафеддаре, по словам специалистов, не отвечает международным стандартам

Тәжік спортшылары Пекинде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайды. Биліктің хабарлауынша, Тәжікстан атлеттері Олимпиадаға жолдама ала алмады.

Қытай сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің мәлімдеуінше, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Халықаралық олимпиада комитетіне Олимпиада ойындарына ресми қонақ ретінде тіркелген. Эмомали Рахмонның Пекинге барар-бармасы әзірге белгісіз.

Тәжікстан ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, тәжік спортшылары Бахриддин Гоибов пен Сайдашраф Эшонов тау шағысынан жолдамаға таласты. Бірақ олар іріктеуден өте алмады.

Еске салайық, тәжік спортшылары 2018 жылы Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өткен қысқы Олимпиадаға да қатыспады.

Тәжікстанда қысқы спорт түрліренін тау шаңғышыларын ғана дайындайды. Мамандардың айтуынша, Сафеддардағы база халықаралық талаптарға сай келмейді, сол себепті онда халықаралық жарыстар өтпейді.

Қысқы Олимпиада ойындары Пекинде 4-20 ақпан аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG