Ссылки доступа

Ресейлік олигарх Әлішер Усманов Өзбекстандағы ірі цемент зауытын сатып алды


Ресейдің Akkermann Cement компаниясына қарасты Akkermann Cement CA компаниясы "Ахангаранцемент" зауыты акцияларының 98,6 пайызын сатып алды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі Gazeta.uz сайтына хабарлады.

Akkermann Cement директорлар кеңесінің төрағасы Антон Селявконың мәлімдеуінше, "Ахангаранцементке" салынған инвестицияны, USM холдингінің Өзбекстандағы басқа да инвестициялары секілді, бас акционер Әлішер Усмановтың туған жерін дамытуға бағытталған деп түсіну керек.

Akkermann Cement CA компаниясы да Әлішер Усмановтың USM холдингіне қарайды. Akkermann Cement 2021 жылы шамамен 4 млн тонна цемент өндірген.

"Ахангаранцемент" Өзбекстанда цемент өндіретін ең ірі зауыттардың бірі. 2017 жылғы қарашада Ресей Қытайдың Beijing Triumph International Engineering Со. компаниясымен бірге "Ахангаранцемент" базасында жаңа зауыт салатыны мәлім болды. Зауыт жылына 3 миллион тонна цемент өндіреді.

160 млн доллардың жаңа зауыты 2020 жылы іске қосылды.

XS
SM
MD
LG