Ссылки доступа

Украин дағдарысы: батыс елдері Шығыс Еуропаға әскер жіберуге дайын


НАТО-ның мәлімдеуінше, Ресей Украинаға шабуыл жасаған жағдайда, оған қарсылық көрсету үшін Шығыс Еуропаға қосымша әскер жібереді.

Әскери альянс сайтындағы мәліметке қарағанда, НАТО-ға мүше елдердің дені әскерін, ұшақтары мен әскери кемелерін Шығыс Еуропаға жіберуге дайын отыр, ал Құрама Штаттар аймақтағы әскер санын көбейтуге уәде берді.

Мәселен, Дания Балтық теңізіне фрегат жіберіп, әуе кеңістігін бақылау үшін Литваға төрт F-16 жойғыш ұшақ ұшырды. Испания кемелері әскери теңіз альянсының күштеріне қосылады, бұған қоса жойғыш ұшқыштарын Болгарияға орналастырады. Франция әскерін Румынияға жіберуге дайын екенін мәлімдесе, Нидерланд кемелері мен құрлық әскерін НАТО күштеріне қосады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 24 қаңтарда НАТО мен Батысты дүрбелең туғызды деп айыптады. Ресей Украинаға шабуылдамайды, деп мәлімдеді Песков.

Ресей бірнеше апта ішінде Украина шекарасына жақын маңға шамамен 100 мың жауынгерін орналастырып, бұны "әдеттегі әскери оқулар" деп сипаттады. Бірақ Украина мен Батыс елдері Ресей көрші елге шабуылдауға дайындалып жатыр деп отыр.

XS
SM
MD
LG