Ссылки доступа

Өзбекстанда жарықсыз қалған елді мекендердің 70 пайызына электр қуаты берілді


26 қаңтарда таңертең Өзбекстанда жарықсыз қалған елді мекемндердің 70 пайызына электр қуаты берілді. Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Эльмира Бекмұрадова брифингте хабарлады.

Министрлік өкілінің айтуынша, жарықтың болмауынан елде газ өндірісі төмендеген.

Бекмұрадованың мәлімдеуінше, өндірілген табиғи газ жылу электр станцияларына, әлеуметтік нысандар мен халыққа беріледі.

"Осыған байланысты, бүгіннен бастап автокөліктерге газ құю станцияларының жұмысы уақытша шектеледі", - деді ол.

Үкімет әлеуметтік маңызы жоқ нысандарды газдан уақытша ажыратып тастады.

XS
SM
MD
LG