Ссылки доступа

"Әлімжеттік". Тәжікстанда шекара әскерінің сержанты бір сарбазды ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды


Мирали Бокиев
Мирали Бокиев

Тәжікстан әскери прокуратурасының мәлімдеуінше, 20 жастағы сарбаз МирәлиБокиевтің өліміне қатысты іс бойынша шекара әскерінің бір сержанты ұсталды.

Бокиев былтыр мамырда әскер қатарына алынған. Биыл 17 қаңтарда Фархор ауданындағы блокпостта оны жасы үлкен әскерлестері соққыға жыққан. Марқұм 19 қаңтарда Пенджикент қаласында жерленді.

Куляб гарнизонындағы әскери прокуратурадағы дереккөздің 25 қаңтарда Озоди радиосына хабарлауынша, сержант Сиддик Садуллоев "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген күдікпен ұсталды. Істің басқа да жайттары айтылмай отыр. Ол 12 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Садуллоевтың туыстары іске қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Мирәли Бокиевтің туыстары істің әділ тергеліп, кінәлілер жазаланғанын қалайды.

"Мирәлидің екі қызметтесі оқиға түнде болғанын айтты. Сержант оларды тұрғызып қойып ұрған. Ол Мирәлиден қысқы бушлатын шешуді талап еткен, Бокиев бас тартқан уақытта оның кеудесінен ұрған. Кейін оны ауруханаға апарған, сол жерде Мирәли қайтыс болды", - дейді марқұмның туысы Зариф Зарифов.

Тәжік билігі әскердегі әлімжеттік тыйылғанын мәлімдеп отыр. Алайда адам құқықтарын қорғаушылар әлімжеттік жасағандардың кінәсін дәлелдеу қиын екенін мәлімдеді.

"Бұны әскер қатарына қосудың қатыгез әдісіне жатқызуға болады. Мұндай дәстүр түрмеден әскерге көшкен", - "Азаматтар еркіндігі кеңсесінің" жетекшісі Дилрабо Самадова.

XS
SM
MD
LG