"Журналист-зерттеуші Болот Теміров пен оның әріптестері туралы жасырын жазып алынған аудио-видеоның Интернетте таралуына қатысты арыз түссе, біз оны тексереміз", - деді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, Болот Теміровтің ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, сонымен бірге журналистің "есірткіні әдейі тастады" деген мәлімдемесі де тексеріледі.
Теміровтің айтқаны рас болса, кінәлі милиционерлер жауапқа тартылады, деді министрдің орынбасары.
Еске салайық, журналист әрі Temirov LIVE YouTube-арнасының негізін қалаушы Болот Теміров 22 қаңтарда кешке ұсталды, сол күні оның кеңсесі тінтілді. Журналист арандатушылық құрбаны болғанын мәлімдеді. ІІМ-нің хабарлауынша, Теміровтің үстінен "заңсыз есірткі дайындады" деген айыппен іс қозғалды. Журналиспен бірге ақын Болот Назаров та ұсталды. 23 қаңтарда кешке оларды ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.