Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше, ұсталғандар астанада ұжымдық акция өткізіп, одан соң Сириядағы террористік ұйымға қосылуды жоспарлаған.
«30 шақты адамның террористік ұйым жақтастары екені анықталды. Олар астанаға Әндіжаннан, Сұрқандария мен Қашқадария облыстарынан жұмыс іздеп келген», - делінген милиция мәлімдемесінде.
Бұл ұйымға Өзбекстан билігі тыйым салған. Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.