Ссылки доступа

Еуроодақ COVID-19-ға қарсы түйір дәріні қолдануға рұқсат берді


Еуроодақ COVID-19 коронавирус кеселінен емдейтін "Паксловид" дәрісін қолдануға рұқсат берді. Бұл дәрі науқастардың әлжуаз тобына арналған.

Бұл – Еуропаның коронавирустан емдейді деп мақұлдаған алғашқы түйір дәрі. Бұның алдында АҚШ ингибитор протеазы+ритонавир дәрісін коронавирусты емдеуге ішуге рұқсат берген.

Мамандардың зерттеуі көрсеткендей, бұл дәрі әлжуаз топқа жататын науқастардың 89 пайызының ауруханаға түсу қаупін азайтады. Дегенмен бұл зерттеу вакцина салдырмағандар арасында жүргізілген. Дәрінің вакцина салдырғандар қалай әсер ететіні әзірге белгісіз.

Еуропадағы тәжірибе де осыған ұқсас нәтиже берген, алайда еуропалықтар науқастардың вакцина салдырған-салдырмағанын хабарламады.

Pfizer жыл аяғына дейін "Паксловидтің" 50 миллион дозасын өндіруді жоспарлады.

Медициналық қадағалаушы мақұлдауынан соң, ЕО елдері дәріге қатысты ресми кеңестерді күтеді. Содан кейін ғана онымен науқас емдеуге болады. Бұл дәрі тек қана науқастардың әлжуаз топтарына беріледі деген болжам бар.

Еуроодақ тағы бір фармацевтикалық алып - Merck & Co компаниясының өнімін күтіп отыр. Алайда өндіруші "Молнупиравир" деп аталатын дәрісінің тиімділігін екі есе түсірді, сол себепті бұл дәрі әлі мақұлдана қойған жоқ.

XS
SM
MD
LG