Ссылки доступа

Өзбекстанда жарықсыз қалған аймақтардың бәріне электр қуаты жеткізілді


Өзбекстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, 27 қаңтарда түстен кейін республиканың барлық аймағы электр қуатымен қамтылды.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда электр станцияларының бәрі іске қосылды, Турақорған ЖЭС-і ғана істемей тұр.

Министрліктің хабарлауынша, елді толықтай газбен қамту мәселесі әлі шешілген жоқ.

«Шымды болыңыздар, электр қуатын үнемдеуге тырысыңыздар», - делінген энергетика министрлігі таратқан мәліметте.

Еске салайық, 25 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігі, Қырғызстанның барлық дерлік аймағы, Өзбекстанның шығыс өңірлері жарықсыз қалып, Орталық Азиядағы үш республикада жарық қана емес, су және жылу жүйесі, газ тапшылығына қатысты мәселелеріне тап болды.

XS
SM
MD
LG