Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстан атысты доғаруға келісті


Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері екі ел арасындағы шекарада болған жанжалды реттеуге келісті. Тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығыс 27 қаңтарда кешке басталған.

Тараптардың әрқайсы атысты доғарып, әскерін алып кетуі тиіс, деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Бұған қоса, жанжалдасушы тараптар атыс кезінде зардап шеккендер туралы ресми мәлімет таратты.

Тағы мына мәселелер бойынша келісім болды: оқ атуды толықтай доғару; шекараға әкелінген қосымша күштерді алып кету; шекара бойындағы аудандарды бірге күзету; Баткен – Исфана жолындағы қозғалысты қалпына келтіру.

Келіссөздерге Қырғызстаның Баткен облысының басшысы, Тәжікстанның Соғды облысының губернаторы қатысты.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жанжалды бейбіт жолмен шешуге үміттенетінін мәлімдеді. «Құдай қаласа, бәрін келіссөздермен, бейбіт шешеміз. Алаңдамаңыздар. Жалған ақпаратқа сенбеңіздер», - деп мәлімдеді қырғыз басшысы.

28 қаңтар таңындағы дерек бойынша, тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалдан Қырғызстанның 11 азаматы жараланды. Тәжік жағынан екі адам опат болғаны хабарланды. Бұған қоса, Тәжікстанның 17 азаматы жараланған.

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері жанжалдың шығуына бір-бірін айыптап отыр.

XS
SM
MD
LG