Республикада министрліктер мен мекемелердің 2021 жыл қорытындысына арналған дәстүрлі немесе жоспарлы баспасөз конференциялары 31 қаңтарда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.
Үкіметтің БАҚ өкілдеріне таратқан кестесіне қарағанда, 2 ақпанда 13 министрлік пен мекеме баспасөз конференциясын беруді жоспарлап отыр.
«Олардың бәріне бірдей қатысуға қызметкеріміз жетпейді. Соған қарағанда, билік мұндай кездесулерді жоспар орындау үшін ғана ұйымдастырса керек», - деп есептейді «Фараж» апталығының бас редакторы Хуршеди Атовулло. Оның айтуынша, редакция үкімет брифингтеріне студенттер мен жұмысқа тұруға үміттілерді тіркеуге мәжбүр болған.
«СССР» апталығының бас редакторы Сайёф Мизроб редакция үкіметтің дәстүрлі баспасөз конференцияларынан бас тартқанын мәлімдеді.
«Журналистерді сыйлау – Тәжікстанның 9 млн азаматын құрметтеу. Баспасөз конференциясы – шенеуніктердің журналистер алдында есеп беруі емес, халыққа есеп беру. Азаматтар қаншама мәселе бойынша жауап алғысы келеді. Бір күнде мұншама брифинг ұйымдастыруға болмайды. Біз қатыспаймыз», - деді ол.