Ссылки доступа

Қырғызстанда тұрмысы төмен отбасылар үшін электр энергиясы бағасы төмендеді


Қырғызстанда тұрмысы төмен отбасылар үшін электр энергия тарифі 77 тиыннан 50 тиынға түсті. Жаңа тариф 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеледі. Осылай деп қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Былтыр желтоқсан айында қырғыз президенті Садыр Жапаров тұрмысы төмен отбасыларға тарифті төмендету жөнінде тапсырма берген. Бұл 16 жасқа дейінгі балалары бар, мемлекеттен жәрдемақы алатын отбасыларға тиесілі.

Соңғы жылдары Тоқтағұл су қоймасында су көлемінің азаюына байланысты, қырғыз елі электр энергиясынан тапшылық көріп жатыр. Энергия компания өкілдері тұтынушыларды электр энергиясын үнемдеуге жиі шақырады.

Былтыр Садыр Жапаров елде зейнетақы, айлық өскеннен кейін электр энергиясының бағасы да қымбаттайтынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG