Ссылки доступа

Азаматтық қоғам Таулы Бадахшанда интернеттің қосылуын талап етті


Хорогтағы наразылық акциясы, 25 қараша, 2021 жыл
Хорогтағы наразылық акциясы, 25 қараша, 2021 жыл

"Азаматтық тілектестік платформасы" Таулы Бадахшан облысында интернеттің шектеліп, тұрғындардың ақпарат алу құқығының бұзылып жатқанына алаңдайды.   

Таулы-Бадахшанда интернетті қалпына келтіру үндеуіне Украина, Болгария, Грузия, Ресей, Германия, Армения, Польша, Әзербайжан, Беларусь, Нидерланды, Литва, Қырғызстан, Қазақстан, Бельгия, Солтүстік Македония, Норвегия, Молдова және Швециядағы 39 үкіметтік емес ұйымның өкілдері қол қойды.

Аймақта интернет былтыр 25 қарашада Хорогтағы наразылықтан кейін бұғатталған. Содан бері қайта қосылмады. Тәжік билігі оның себебін түсіндірген емес.

Азаматтық белсенділер интернетті бұғаттау экономика, сауда және білім беруге кері әсерін тигізіп жатқанын айтады.

Таулы Бадахшанда жағдайды ретке келтіру үшін құрылған “Комиссии 44” қозғалысы билік Хорогта митинг тоқтаған кезде, интернет қалпына келеді деп уәде берген дейді.

2021 жылдың 25 қарашасында Хорог әкімдігінің алдына 5 мыңдай адам наразылық акциясына шыққан. Олар тәжік күш қызметкерлері арнайы операция кезінде 29 жастағы жергілікті тұрғынды атып өлтіргенін айыптап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап еткен. Қарсылық акциясы төрт күнге созылған.

XS
SM
MD
LG