Ссылки доступа

Таулы Бадахшандағы интернеттің бұғатталуы "қауіпсіздікпен" түсіндірілді


Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметінің төраға орынбасары Илхомджон Атоев
Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметінің төраға орынбасары Илхомджон Атоев

Тәжікстан үкіметі жанындағы байланыс қызметі Таулы Бадахшанда интернеттің бұғатталғанына байланысты пікір білдірді. 

Аймақта азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар техникалық шаралар жүріп жатыр деді байланыс қызметінің төраға орынбасары Илхомджон Атоев 31 қаңтарда баспасөз мәслихаты кезінде.

Соңғы екі айдан бері Таулы Бадахшан тұрғындары интернетке қол жеткізе алмай отыр. Қоғам белсенділерінің талабы елеусіз қалып тұр.

"Азаматтық тілектестік платформасы" 28 қаңтарда тұрғындардың ақпаратқа қол жеткізу құқығы бұзылып жатқанын айтып мәлімдеме жасаған. Бұл үндеуге әлемнің 39 үкіметтік емес ұйымы қол қойған.

Былтыр қараша айында Гулбиддин Зиёбеков құқық қорғау органдары тарапынан өлтірілгеннен кейін Хорогта жаппай наразылық акциясы басталған. Содан бері Таулы Бадахшанда интернет жоқ.

XS
SM
MD
LG