Ссылки доступа

Лондонда қазақ елшілігі алдында қаңтар оқиғасын ашық зерттеуді талап кеткен пикет өтті


Өткен жексенбі күні белсенділер тобы Қазақстанның Лондондағы елшілігі алдына шығып, қазақ билігінен қаңтардағы наразылық акцияларына қарсы азаптауды тоқтатып, ашық зерттеу жүргізулі талап етті. 

Олар үстіне қызылға боялған жұмысшылардың ақ түсті киімін киіп, Қазақстан туын және "Қазақстанға шынайы демократия керек", "Қазақстандық тирандарға санкция енгізілсін", "Азаптауды тоқтатып, тергеуді бастаңдар", "Полиция адамдарды тірідей алып кетіп, денесін қайтарды", "Жалған айтуды тоқтатып, саяси реформалар жасаңдар" деген жазулар ұстап тұрды.

Белсенділердің бұл акциясы Ұлыбритания парламентінде "Коррупцияға қарсы санкциялар және Қазақстан" деген 3 ақпанға белгіленген дебаттар алдында өтті.

28 қаңтарда осындай киім киген белсенділердің акциясы Германия астанасы Берлинде де өткен. Қаңтар оқиғаларында қаза болғандардың суреттерін көтерген қазақ диаспорасының өкілдері қуғынды тоқтатуды және ашық тергеу жүргізуді талап еткен. Олар Еуропа билігіне қайрылып, ашық тергеу жүргізуге және репрессиялар мен азаптауларды тоқтатуға көмек беруге шақырған.

Алматыдағы қанды қаңтар оқиғасына дейін "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшелері арт-перформанс ұйымдастырған. Олар Қазақстан заңдарын құрметтейтін азаматтарды белгілейтін жұмысшылардың ақ түсті киімін киіп, оған қызыл түсті бояу шашып шыққан. Осы жолмен олар 1986 жылғы Желтоқсан және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларының құрбандарын да еске алған.

29 қаңдарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 227 адамның өмірін қиған қаңтар оқиғаларын халықаралық деңгейде зерттеуге қарсы болды. Ол елдегі тәртіпсіздікке "бандиттер мен террористер" ғана кінәлі екенін тағы қайталады. Бірақ бұл сөздеріне дәлел келтірмеді.

Еуропарламент 20 қаңтарда "Қазақстан халқына қарсы жасалған шабуыл мен қылмысты халықаралық деңгейде зерттеу қажеттігіне" байланысты резолюция қабылдады. Еуропарламент депутаттары қаңтар оқиғаларында адам құқығын бұзғаны үшін Қазақстан шенеуніктеріне қарсы санкция салу мәселесін қозғаған.

XS
SM
MD
LG