Ссылки доступа

Мәскеуде мигранттар арасында жаппай төбелес болған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Мәскеуде мигранттардың жаппай төбелесі тіркелді. Бұл жолы оған Тәжікстан азаматтары қатысқан. Бұл туралы ТАСС агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.  

Ақпаратқа қарағанда, төбелеске 15-ке жақын адам қатысып, олардың бірі травматикалық қару қолданған. Бұл оқиғаға байланысты полицияға қоғамдық тәртіпті бұзған 66 адам жеткізіліп, "Қару қолданылған бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тәжікстанның Мәскеудегі елшілігі дипломаттар Ресейдің құқық қорғау органдарымен байланыста болып, төбелестің себептерін анықтап жатқанын жеткізді.

Ресми мәліметке сәйкес, Мәскеуде 1 миллион 33 мың мигрант бар. Олардың көпшілігі Өзбекстан (31%), Тәжікстан (26%) және Қырғызстан (25,4%) азаматтары.

2021 жылы тамызда Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин соңғы айларда бас қалада тұрып келген 200 мигрант Ресейден шығарылғанын, 800 мигрантқа қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, олар "жаппай төбелеске қатысып, бірнеше рет заң бұзған".

XS
SM
MD
LG