Ссылки доступа

Талибан Душанбе мен Бішкекті "мәселені диалогпен шешуге" шақырды


Ауғанстан басында тұрған "Талибан" қозғалысының сыртқы істер министрлігі қырғыз-тәжік жанжалында құрбан болғандарға көңіл айтып, тараптарды "мәселені диалог арқылы шешуге" шақырды.  

Мұндай мәлімет "Талибанның" ресми сайтында 1 қаңтарда жарияланды.

24 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыста екі адам қаза болып, он шақты адам жарақат алған. Қырғыз тараптан 13 адам жараланды. Екі тарап бірін-бірі айыптады.

Тәжікстан мен Қырғызстанда "Талибан" қозғалысы экстремистік ұйымдардың тізіміне кірген. Алайда осыған дейін Қырғызстан өкілдері бірнеше рет Ауғанстанға батып, тәліптермен келіссөз жүргізіп қайтқан.

Былтыр 15 тамызда Ауғанстан билігін басып алған тәліптердің билігін әзірге бірде бір мемлекет танымады.

XS
SM
MD
LG