Ссылки доступа

Душанбе мен Бішкек 275 метр жер үшін таласып жатыр


Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзода мен Бакен облысының басшысы Әбдікәрім Алимбаев
Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзода мен Бакен облысының басшысы Әбдікәрім Алимбаев

Қырғызстанның көлік және коммуникациялар министрлігінің бұрынғы басшысы Нұрлан Сулайманов Бас прокуратураға қырғыз-тәжік шекарасына байланысты тергеуге шақырылды.  

1 ақпанда бұрынғы премьер-министр Игорь Чудиновтан та аталған іс бойынша жауап алынғаны мәлім болды.

Оның алдында Жогорку Кеңештің қазіргі депутаты, "Бүтүн Кыргызстан" фракциясының лидері Адахан Мадумаров та бірнеше рет жауап берген. Ол 2009 жылы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тұрғанда қол қойған қаулыға байланысты 14 қаңтарда куәгер ретінде тартылған.

Бұл қаулы тоғыз бөліктен тұрады. Онда Ош - Баткен - Исфана жолын жөндеу және көпір салу үшін 275 метр қашықтықтағы бес гектар жерді Тәжікстаннан 49 жылға жалға алу мәселесі қамтылған.

Депутат құжат қазір заңдық күшке ие емес екенін айтып, соңғы оқиғаларды өзінің саяси жұмысымен байланыстырып келеді.

Тәжікстанның Соғды облысының басшысы Ражаббой Ахмадзода 31 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде жолдың бұл учаскесі о бастан тәжік жері екенін және көршілердің таласты аймақ деп атауға құқықтық негізі жоқ екенін айтқан.

“Қырғызстан үшін бұл учаске Лейлек ауданымен көлік қатынасында қандай маңызға ие кенін біліп тұрмыз әрі көршілерге тосқауыл қоюға ниетіміз жоқ. Егер олар да бұл жолмен Тәжікстан азаматтарын еркін өтуіне, сауда жасауға кедергі келтірмей, жүк тасымалдауға тосқауыл қоймаса”, -деген Ахмадзода.

Президент Садыр Жапаров 17 қаңтарда "Вечерний Бишкек" басылымына берген сұқбатында 2009 жылы Баткендегі Төрт-Көчө учаскесі туралы қол қойылған қаулыны Бішкек мойындамайды деді. Билік қырғыз-тәжік шекара мәселесін шешуде Тәжікстан осы қаулыны алға тартып отыр дейді.

XS
SM
MD
LG