Ссылки доступа

Тәліптер әйелдерді бірінші рет басшылық қызметке тағайындады


Кабул, желтоқсан, 2021 жыл.

"Талибан" қозғалысы былтыр тамыз айында Ауғанстан билігіне келгеннен бері бірінші рет басшылыққа екі әйелді тағайындады.  

Олардың бірі әлеуметтік перзентхана директоры болып тағайындалса, екіншісі гинекологиялық клиникаға жетекшілік етеді.

БАҚ-тың жазуынша, халықаралық ұйымдардың елдің саяси ісіне әйелдерді де араластыру талабынан кейін тәліптер келіскен. Ауғанстанда әлі күнге дейін бала туу кезінде ана өлімі саны көп. 2019 жылы 100 мың әйелдің 638-і бала туу кезінде қайтыс болған. Бұл әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

Тәліптер билікке келген кезде, әйел құқығын қорғаймыз деп уәде берген. Бірақ артынша шектеулер енгізді. Атап айтқанда, 20 жыл бойы жұмыс істеп келген әйелдер ісі жөніндегі министрлікті жойды, мектептерге қыздардың баруына шектеу қойды, әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салды және тележүргізушілерге хиджаб киюді міндеттеді. "Талибан" құрған үкіметке бірде-бір әйел кірмеді.

20 жыл бұрын АҚШ Ауғанстанға әскерін кіргізбестен бұрын, "Талибан" қыз-келіншектерге білім беруге қатаң тыйым салған.

XS
SM
MD
LG