Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Қытайға барады


Қырғызстан президентінің Бейжіңге сапары кезінде ең басты мәселе – Қытай –Қырғызстан – Өзбекстан халықаралық темір жол магистралы жобасы қаралады.  

Осылай деп президент әкімшілігінің сыртқы саясат ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі Жээнбек Кулубаев хабарлады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Бейжіңге сапары 3-6 ақпан аралығында жоспарланған. Ол президент алдымен қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына қатысатынын айтты.

Қырғызстан екі ел шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерін кеңейту мәселесін де көтермек. Сонымен бірге жолаушылар ұшағын тұрақты ұшыруды қалпына келтіру де сөз болмақ.

25 қаңтарда Орталық Азия және Қытай елдері басшыларының онлайн-саммиті кезінде Садыр Жапаров "Бір жол – бір белбеу" бағдарламасы аясында Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы басты жоба болуы тиіс деп атап өткен. Бұл жобаны бастау 2000 жылы көтерілген. Бірақ сол күйі жүзеге аспай келеді.

XS
SM
MD
LG