Ссылки доступа

Тәжікстанда қырғыз шекарашыларына қарсы қылмыстық іс қозғалды


Тәжікстанның бас прокуратурасы 27-28 қаңтарда болған тәжік-қырғыз шекарасындағы қарулы қақтығысқа байланысты көрші шекарашыларға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

2 ақпан күні Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон қырғыз шекарашыларын және Қырғызстанның жекелеген азаматтарын "қылмыс жасады" деп айыптады. Бірақ нақты қанша адамға қатысты іс қозғалғанын айтпады.

Өз кезегінде қырғыз тарабы да жанжалды ушықтырды деп Тәжікстанды айыптап отыр.

27-нен 28 қаңтарға қараған күні тәжік-қырғыз шекарасында кезекті рет жанжал шығып, оқ атылды. Тәжікстанның екі азаматы қайтыс болып, оны жараланды. Жанжал жолды заңсыз жапты деп бірін-бірі айыптаудан басталды.

Қарулы қақтығыс, қантөгістің жиі орын алуына Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы белгіленбеген 400 шақырым жер. Отыз жылдан бері екі ел осы жер үшін таласып келеді.

XS
SM
MD
LG