Ссылки доступа

Өзбекстанда TikTok желісін толық бұғаттау ұсынылды


Өзбекстанның "Адолат" («Әділет») социал-демократиялық партиясы TikTok желісін толық бұғаттауды сұрады. Партия белсенділері мұны "жастарды өзбек еліне жат идеялардан және көзқарастардан қорғау" қажеттігімен түсіндірді.  

"Жақында болған жағымсыз оқиғадан кейін пайдасынан гөрі зияны көп мобилдік тіркемелерді толығымен бұғаттап, санкция қоюымыз керек", - деді партияның баспасөз қызметі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде самарқандтық жеткіншектің көшеде өтіп бара жатқан қарияның бетіне тепкені тартылған видео жарияланған. Бұл видеоны жеткіншек TikTok'тағы парақшасына жариялаған.

Бір жарым ай бұрын Өзбекстанның Ұлттық БАҚ-ты қолдау және дамыту бойынша қоғамдық қордың қамқорлық кеңесінің төрағасы Камил Алламжанов TikTok компаниясының вице-президенті Тео Бертраммен онлайн кездесу өткізгенін хабарлаған.

Онда Алламжанов TikTok өкілдеріне "желінің ішкі талаптарын өзбек менталитетіне, салт-дәстүріне сәйкестендіру жөнінде ұсыныс айтқанын" жеткізген.

"Егер TikTok зиян болса, оны пайдалы ресурсқа айналдыру керек",- деген Алламжанов.

Өзбекстанда TikTok желісі 2021 жылдың жазынан бері жартылай бұғатталған.

XS
SM
MD
LG