Ссылки доступа

Қырғыз депутаты Өзбекстанмен шекарадағы өткізу бекетін ашуды сұрады


Жогорку Кеңеш депутаты Бақыт Торобаев 3 ақпанда ел билігін Қырғызстан мен Өзбекстан қарым-қатынасын нығайтуға күш салуға шақырды.  

Оның айтуынша, екі ел шекарасында әлі де бірқатар өткізу бекеттері жабық тұр.

"Созақ ауданында өткізу бекеті бар. Өзбекстан ашуға дайын. Бірақ біз жақтан кедергі бар. 2020 жылы бұл бекет арқылы 2 млн 200 мың адам Қырғызстанға келген. Олардың 68% Өзбекстаннан келген. Ферғана жазығында 11 млн адам тұрады. Егер олар елге келетін болса, бізде туризмнің, бизнестің дамуына мүмкіндік болатын еді", - деді Торобаев.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасы 1378 шақырымды құрайды. 2017 жылы шекара аймағындағы 85% жер бекітілді, 15% әлі даулы күйінде қалып отыр деп хабарланған. 2021 жылдың наурыз айында Садыр Жапаров Өзбекстанға барған ресми сапары кезінде шекара мәселесін үш айдың ішінде толық шешеміз деп мәлімдеген.

Бүгінгі күні Қырғызстан мен Өзбекстан арасында жалпы 15 өткізу бекеті бар.

XS
SM
MD
LG