Ссылки доступа

Навальныйға қарсы "алаяқтық және судьяны сыйламау" ісі сотқа жіберілді


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Мәскеудің Лефортовский аудандық сотына Алексей Навальныйдың алаяқтық және сотты сыйламау бойынша қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы РИА Новости соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Әзірге істі қарау күні айтылмады.

Алаяқтық және сотты сыйламау ісі біріктірілгені қаңтардың ортасында белгілі болды. Бұл эпизодтар бойынша Навальныйды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қауіпі бар екенін оның адвокаты Ольга Михайлова мәлімдеген.

Навальныйға және оның әріптестеріне қарсы ірі көлемдегі алаяқтық жасау бойынша іс 2020 жылдың желтоқсан айында қозғалған. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар оппозициялық саясаткердің қайырымдылық қорына түскен қаржыны мақсатсыз жұмсаған. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза – он жылға бас бостандығынан айыру.

Алексей Навальныйға қарсы сотты сыйламау бойынша қылмыстық іс қозғалғаны былтыр мамыр айында белгілі болған. 2021 жылы ақпанда Мәскеудегі аудандық сот Навальныйды ардагер Игнат Артеменкоға жала жапқан деп айыптап, 850 мың рубль айыппұл төлеуге міндеттеген. Навальный сот отырысы кезінде судья Вера Акимованы әділетсіздікке айыптап, ол сол кезде ескерту алған.

Судья Акимова сот отырысы аяқталғаннан кейін оппозиционердің "құрметсіздік" көрсетуін тексеру үшін материалдарды Мәскеудің тергеу комитетіне жіберетінін айтқан.

25 қаңтарда орыс билігі қамаудағы Алексей Навальныйды және оның бірнеше әріптесін "террористер және экстремистер" тізіміне қосқан.

Навальный "Ив роше" ісі бойынша 2,5 жылға сотталған. Ол мұның саяси астары бар екенін айтып келеді.

Былтыр Мосгорсуд Навальныйға қатысы бар барлық ұйымдарды "экстермистік" деп таныған.

XS
SM
MD
LG