3 ақпанда өткен баспасөз мәслихаты кезінде заңгер Ғазиза Әмірбекова Қызылордада сегіз көп балалы ана “Жаппай тәртіпсіздік” бабы бойынша айыпталып жатқанын, бірқатары тергеу абақтысында екенін мәлімдеді. Ақтөбеде де көп балалы үш әйелге де осындай айып тағылған.
Әмірбекованың ақпаратына қарағанда, Тараз қаласындағы тергеу абақтысында 16-17 жастағы алты бала отыр. Оларға да “жаппай тәртіпсіздікке қатысу” бабы бойынша іс қозғалған.
Белсенді Мұратбек Есенғазының адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, тергеу абақтысында жатқандар азапталып жатыр. "Оны әбден сабаған, жарты күн қинаған. Сойылмен ұрған. Олар кейін өзі бір жерде ұрынып қалған болуы мүмкін деп айтуы үшін бір жерін ғана ұра беріп, денесін көгертіп тастаған", - дейді Нұрпейісов.
Нұрпейісов азаптау жөнінде арыз Алматы прокуратурасында 14 қаңтарда ғана тіркеуден өткенін, бірақ 24 қаңтарда БАҚ арқылы бұл мәселені көтергеннен кейін ғана сот медициналық сараптаманы дайындау басталғанын айтты.
Адвокаттар хаос және жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған адамдар қашып жүрген кезде, тергеу абақтысында жазықсыз адамдар абақтыда отыр деп есептейді.
Биліктің ресми мәліметіне сәйкес, қаңтардың басында Қазақстандағы тәртіпсіздік кезінде 227 адам қайтыс болып, он мыңдаған астам адам қамалған. Құқық қорғаушылар бұл сан одан да көп болуы мүмкін дейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғаушыларды және тәуелсіз белсенділерді "наразылық акцияларын тұтандырды" деп айыптаған.