Генерал Гулахмадзода журналистерге күшпен әскерге алып кету болмаса, университеттер мен колледждер көмек бермесе, Куляб қаласы әскерге шақыру бойынша жоспарды орындау бойынша 25-тен 15-орынға көтеріле алмас еді деді.
"Милиция қызметкерлерін, ауылдық кеңес жұмысшыларын, азаматтық белсенділерді, университет және колледж жетекшілерін тартып, нәтижесінде 15-орын алдық", - деді шенеунік.
Ол журналистің “Күшпен мәжбүрлеу тәжірибесіне сүйендіңіз бе?” деген сұрағына “Ия, солай! Қалаған жағыңа шағымдан!” деп жауап берді.
Тәжікстанда әскерге шақыру жылына екі рет – жазда және күзде орын алады. Онда 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақырылады.