Ссылки доступа

Ердоған Украина мен Ресейді "достастырғысы" келеді


Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Зеленский. Киев, 3 ақпан, 2022 жыл
Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Зеленский. Киев, 3 ақпан, 2022 жыл

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина басшысы Владимир Зеленскиймен 3 ақпанда өткен келіссөздерден кейін өз елінде Украина мен Ресей лидерлерін кездесуге шақырды. 

"Біз Қара теңіз аймағында қысымның барынша азайғанын қалаймыз", - деді ол.

Ердоғанның Ресей мен Украина арасында араағайындық рөлінде болуын Киев оң қабылдады. Бұл жөнінде баспасөз мәслихаты кезінде Украина лидері Владимир Зеленский мәлімдеді.

Жоғарыдағы ұсынысты Ердоған екі апта бұрын да айтқан. Сол кезде Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков егер түрік әріптесіміз Киевті Минск келісімін орындатуға итермелесе, Мәскеу бұл ұсынысты қолдайды деп мәлімдеген.

3 ақпанда Ердоғанның Киевке сапары барысында Украина мен Түркия еркін сауда жөніндегі келісімге қол қойды. Келісімнің ең маңызды тұсы – Түркияның 10 137 тауарының баж салығын нөлге айналдыру, бұл жалпы тауардың 95 пайызы. Бұдан бөлек 1348 тауарға тарифтік квота енгізіледі немесе баж салығы төмендетіледі.

"Келісімге дейін өзара тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 7 млрд долларға өсті. Бұл екі елдің тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу деген мақсатқа бара жатқан жол. Бұл біз күткеннен де тез жүріп жатыр", – деді Зеленский.

Сонымен Украина мен Түркия ұшқышсыз ұшақ шығаруды бірлесіп өндіру жөнінде келісімге келді.

Соңғы уақытта Түркия мен Украина қорғаныс саласында ынтымақтастықты кеңейтті. 2019 жылдан бері Киев Анкарадан "Байрактар" дронын сатып алады. Сонымен бірге түріктің әскери кемесін сатып алу жөнінде келісімге қол қойылған.

XS
SM
MD
LG