Ссылки доступа

Қытай Қырғызстанға 50 млн юань қайтарымсыз көмек береді


Қытайдан көмек Қырғызстанның қауіпсіздік қызметіне беріледі. Бұдан бөлек Бейжің Қырғызстанға коронавирусқа қарсы 5 млн дана вакцина береді. Бұл туралы Қытай лидері Си Цзинпин мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 6 ақпандағы кездесуінде мәлім болды. 

Кездесуде сауда- экономикалық қарым-қатынас, оның ішінде бірлескен ірі жобаларды қаржыландыру мәселесі сөз болған.

Си Цзинпин Садыр Жапаровпен кездесуден кейін оның қазір Қырғызстанда жүргізіп жатқанын реформасын жоғары бағалаған.

"Қытай Қырғызстан үшін сенімді дос және көрші болып келген әрі осылай қала береді, қарым-қатынасымыз бұдан әрі де нығайа береді деген сенімдемін", - деді Цзинпин.

Қытай лидері сонымен бірге Қырғызстаннан экологиялық таза азық-түлік сатып алуға және энергетика саласына әріптестік етуге дайын екенін білдірді. Бұдан бөлек пандемиядан кейін тоқтап қалған әуе қатынасын біртіндеп қалпына келтіретінін де жеткізген. "Торугарт" және "Эркечтам" өткізу бекеттерін кеңейту туралы да сөз болған.

Си Цзинпин "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" темір жол жобасы жүзеге асса, Орталық Азия үшін маңызды болатынын жеткізді.

Қырғыз тарап болса бірқатар жобаларын ұсынды. Олар:

  • Энергетика саласындағы әріптестікті арттыру;
  • Экономиканы дамыту үшін 1 млрд долларлық капиталға ие қырғыз-кытай инвестициялық қорын құру.

Бұдан бөлек Жапаров Қытай үкіметі тарабынан Қырғызстанға әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру үшін көрсетіліп жатқан қаржылық көмекке ризашылығын білдірді.

Садыр Жапаров Си Цзинпинді Қырғызстанға мемлекеттік сапармен шақырды.

Жапаров Бейжіңге 4 ақпанда ресми сапармен барған.

XS
SM
MD
LG