Ссылки доступа

Тәжік билігі Қырғызстанмен шекарадағы жанжалдан 52 үй зиян шеккенін мәлімдеді


Тәжікстандағы Исфара қаласының билігі 27 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасында болған жанжалдың шығымы шамамен 1,5 миллион сомонини (133 мың доллар) болғанын мәлімдеді. 

Мекеме мәліметіне қарағанда, алдын ала есептеулер бойынша соңғы шекара жанжалында Чоркух және Сурх ауылдарында 52 үй зиян шеккен.

4 ақпанда Исфара әкімшілігінің ресми өкілі Зубайдулло Шомадов келтірген материалдық шығын бойынша соңғы мәліметті арнайы құрылған комиссия жариялайтынын жеткізді.

Шекара жанжалында үйлерден бөлек, асхана, наубайхана, дүкен сияқты нысандар зардап шеккен, электр сымдары үзілген. Бұдан бөлек Чоркух ауылының тұрғындары бір тәуліктен астам электр жарығынсыз отырған.

Өткен аптада Баткен ауданы әкімі Учкунбек Жоробаев шекарадағы соңғы оқиғадан кейін материалдық шығын үш миллионға жетті деп мәлімдеген. Оның айтуынша, жанжалда екі сарай өртеліп, бірнеше үй және екі көлік талқандалған. Мал ұрланған жөнінде де фактілер бар.

27 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасындағы Төрт-Көчө ауылында тәжік тұрғындар жолды бұғаттауға әрекет етіп, сөйлесулерден кейін жағдай тынышталған. Қырғызстанның шекара қызметі көп өтпей тәжік тараптан басқа аймаққа – Чыр-Дөбөде оқ атылғанын мәлімдеген.


Қырғызстан мұны тәжік шекарашыларының арнайы жасаған әрекеті деп атаған, ал тәжік тарап Қырғызстанды айыптайды.

XS
SM
MD
LG