Билік оларды түрлі қылмыс жасады деп айыптап жатқан көрінеді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, билік Хорогқа, Мамадбокир Мамадбокировтің үйіне жақын маңға әскер орналастырмақ болған. Бірақ тұрғындар қарсы тұрған.
Бірақ Таулы Бадахшан әкімдігінің баспасөз хатшысы Голиб Ниятбеков әскер кіргізбек болды деген шындыққа сәйкес келмейді, аймақта жағдай тұрақты деді.
Мамадбокир Мамадбокировтің өзі тілші сұрағына жауап бермей, өзінің өте тығыз екенін жеткізді.
Дереккөздің айтуынша, 5 ақпан күні аймақтың діни қызметкерлері Тәжікстанның ішкі істер министрімен кездескен. Онда олар мәселені күшпен шешу, жағдайды қиындатады деп ескерткен.
Норвегия Хельсинкий комитетінің Орталық Азия бойынша өкілі Мариус Фоссум Twitter парақшасы арқылы тәжік билігін Хорогқа қарсы күш қолдануды тоқтатуға шақырды. "Хорогтан қауіп туғызатын ақпараттар түсіп жатыр. Тәжікстан билігі қантөгісті болдырмауы тиіс", - деп жазды Фоссум.
Жақында Таулы Бадахшан прокуратурасы Мамадбокировке қарсы төрт бірдей қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық іс Таулы Бадахшан білім беру басқармасының басшысы Лутфулло Наврузовтың видео үндеуі негізінде қозғалған. Онда ол өзін Мамадбокиров ұрып-соққанын айтады. Мамадбокировтің өзі Наврузовпен шын мәнінде сөйлескенін жеткізді. Бірақ оны ешқандай ұрып-соқпадым дейді.
Былтыр қараша айында Хорог тұрғындары бас көтерген. Оған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Гулбиддин Зиёбековті өлтіргені себеп болған. Халық атқан адам жазасын алсын деп бірнеше күн бойы талап қойды. Кейін оқиғаның ақ-қарасын анықтайтын комиссия құрылғаннан кейін барып, халық тарады.