Ссылки доступа

Түркіменстанда дінге сенушілер тергеуге шақырылып жатыр


Ашғабад мешіті (көрнекі сурет) 

Мары уәлаятында Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері дінге сенушілерге бақылауды күшейткен. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, оларды жауап алуға шақырып, діни кітаптар жайында сұрастыра бастаған. 

"Менен уағызды кім жүргізеді? Үкіметке қарсылар бар ма?", - деп сұрады дейді Мары тұрғыны Азатлык тілшісіне.

Тергеушілер тілшіге "қара тізімге" енгізілген адамдарды жауап алуға шақырып жатырмыз деген.

"Арнайы қызмет өкілдері тінту жүргізіп үйге келген кезде, бізге ваххабит емес екеніңді дәлелдегің келсе, арақ ішуді талап етті. Ішпегендерді қара тізімге енгізіпті", - дейді тергеуге шақырылған тұрғынның бірі.

XS
SM
MD
LG