Ссылки доступа

Лукашенко Одақтық мемлекет, Қазақстанның алған "сабағы" жайында айтты


Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко ресейлік теле жүргізуші Владимир Соловьевқа берген сұқбатында болашақта Украина Ресей мен Беларусьтің Одақтық мемлекетіне қосылауы мүмкін деген пікірін білдірді.

Александр Лукашенко журналистің 10-15 жылдан кейін Одақтық мемлекеттің болашағын қалай көресіз деген сұрағына: "Беларусь сонда. Қазақстанға қаңтардағы жағдай сабақ болды. 15 жылдан кейін Украина да кіреді деген сенімдемін" деп жауап берді.

Ол сонымен бірге Украина әскері Донбастағы сепаратистерге шабуыл жасайтын болса, онда Беларусь әскері "дәл Ресей әскері сияқты әрекет етеді" деп мәлімдеді.

Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьёвтің "яғни бұл (әрекет) бірлесіп жасала ма?" деген сұрағына Лукашеноко "әрине" деп жауап берді. Ол, Беларусь Украинаға қарсы Ресеймен бірге соғысады деп нақты айтқан жоқ, дегенмен, сөзінен сондай емеурін аңғаруға болады.

Ресей әскерінің Беларусьте Украинамен шекара маңына орналасуы бекер емесін меңзеген Лукашенко "Біз не, оңтүстік шекарада еріккеннен жүр дейсіздер ме?"деді.

Ресми Минск пен Мәскеу, әскерилер ақпанның оны мен жиырмасы аралығында өтетін бірлескен әскери жаттығуға қатысу үшін жиналып жатқанын хабарлаған.

Киев 2020 жылы Минскідегі азаматтардың бейбіт наразылық акциясын күшпен басқан Лукашенко режимін сынағаннан кейін Беларусь пен Украина қарым-қатынас нашарлаған.

АҚШ былтыр күзден бері Украинамен шекарада әскерін көбейткен Ресей көрші елге басып кіруі мүмкін деп қауіптенеді. Мәскеу болса шабуыл жоспары жоғын айтады. Батыс елдері Ресей Украинаға басып кірсе, санкция салатынын қатаң ескерткен.

Владимир Соловьёвке берген сұхбатында Лукашенко, 15 жылдан кейін Украина да, Қазақстан да Ресей мен Беларусь секілді бір одақтың құрамына кіре алатыны жайлы да айтқан.

XS
SM
MD
LG