Ссылки доступа

Қырғызстанда бір ай бойы бала құқығын қорғау шаралары жүреді


Қырғызстанның Омбудсмен институты 8 ақпаннан бастап бала құқығын қорғау жөнінде бір айлық шараның басталғанын мәлімдеді.

Бұл шара 9 наурызға дейін созылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл елдегі барлық үкіметтік емес ұйымдар мен белсенділерді балаға қатысты кез-келген құқық бұзу жөнінде 115 нөмір бойынша "жедел желіге" хабарласып, немесе ombudsman@inbox.ru поштасына хат жазуды сұрайды.

Аталған ұйым балалар құқығын қорғауда ата-анамен және оның туыстарымен психологиялық жұмыс жүргізуді ұсынады.

Ұйым мәліметінше, 2021 жылғы есеп бойынша, Қырғызстанда 2 млн 381 мың бала бар. Олардың 68 пайызы ауылды жерде тұрады. 17 жасқа дейінгі балалардың 11 пайызы жалғыз басты отбасында тәрбиеленіп жатыр.

Өткен аптада Қырғызстанда екі жасқа толмаған баланың өлімші етіп сабалуы қоғам наразылығын туғызған.

Білім министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы 417 бала түрлі зорлық-зомбылық көрген.

ЮНИСЕФ ақпаратынша, Қырғызстанда балалардың 73 пайызы ата-ананың бейқамдығынан зардап шексе, 83,5 пайызы мектептегі буллинг құрбаны.

XS
SM
MD
LG