Ссылки доступа

HRW Душанбені Таулы Бадахшанда интернетті қалпына келтіруге шақырды


"Хьюман Райтс Вотч" (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Тәжікстан билігінен тез арада Таулы Бадахшан автоном облысындағы интернет байланысын қалпына келтіруге және Мәскеудегі бадахшандық жастардың лидері Амриддин Аловатшоевтың ісін әділ тергеуге шақырды. 

"Интернет байланысын өшіру — адамдардың өз пікірін еркін жеткізу құқығын бұзып ғана қоймай, халық тұрмысын одан сайын ауырлатады", — деп жазылған ұйымның 7 ақпанда жарияланған мәлімдемесінде.

Таулы Бадахшан автоном облысында интернет былтыр 25 қарашада, Хорог қаласының тұрғындары наразылық акциясына шыққаннан кейін сөндірілген. Амриддин Аловатшоев қаңтардың басында Ресейде аяқ астынан жоғалып, кейін оның Тәжікстанға экстрадицияланғаны белгілі болды.

Ол Хорогтағы наразылық шарасына қолдау білдіріп, Мәскеудегі тәжік елшілігі алдында жастармен бірге митингке шыққан.

XS
SM
MD
LG