9 ақпанда қырғызстандық құқық қорғаушылар Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаевпен кездескен. Ол Алматыда ұсталғандардың ішінде қырғыз азаматтары жоқ екенін айтқан. Бірақ Чолпонбек Сыдыков пен Викрам Рузахуновқа қатысты тергеу ісі жүріп жатқанын жеткізген
Құқық қорғаушылар 10 ақпанда Тараз қаласына баратынын хабарлады. Онда қазір тергеу абақтысында екі қырғыз азаматы отыр.
Қасіретті қаңтар оқиғасында Қырғызстанның он азаматы ұсталғаны хабарланған. Кейін олардың бәрі босатылған. Бұдан бөлек екі қырғыз азаматы қайтыс болды. Ұсталғандардың ішінде қырғыз музыканты Викрам Рузахунов та болған.
Алматыда азапталған Чолпонбек Сыдыковқа операция жасалған. Оның аяғы, қабырғалары сынған. Миына зақым келген.