Ссылки доступа

Тәжікстанда 800-ден астам мина залалсыздандырылған


Тәжікстанның Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің төрағасы Рустам Назарзода былтыр Дарбаз, Шамсиддин Шохин және Рашт аудандарында табылған 800-ден астам мина залалсыздандырылғанын мәлімдеді. 

Мекеме жетекшісі мина және снарядтардың жарылуынан зардап шеккендер жөнінде айтпады.

Осыған дейін Өзбекстан және Ауғанстанмен шектесетін аймақтардың тұрғындары миналардың жарылуы қауіпі жоғары екенін айтып келген.
Мәселен, Пенжикент ауданында минадан 20-дай адам зардап шеккен. Шамсиддин Шохин ауданының Кавок ауылында екі адам қайтыс болып, екеуі жарақат алған.

Ресми мәлімет бойынша Тәжікстанда минадан зардап шеккен тұрғындардың жалпы саны 800-ден асады. Олардың 400-і жарылыстан қайтыс болған, қалғаны әртүрлі деңгейде жарақат алған.

Төтенше жағдай комитетінің мәліметіне қарағанда, бұл аудандарға мина азаматтық соғыс кезінде қойылған. Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәжікстан аймағында орнатылған миналардың жалпы саны 100 мыңға жетеді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG