Ссылки доступа

Тәжікстанда ауған босқындарына арнап лагерь салынады (видео)


В Хатлоне построят лагерь для афганских беженцев
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:03 0:00

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Жалолиддин Балхи ауданында ауғанстандық босқындарға арнап арнайы лагерь салынады.  

Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Рустам Назарзода тағы бірнеше ауданда босқындарға арнап пана болатын жер салынатынын айтты. Бірақ бұлар шетелден қашқан босқындар үшін емес, табиғат апатынан баспанасыз қалғандарға арналады деді.

Былтыр тамыз айынан бері Ауғанстан билігіне тәлібтер келгеннен бастап, Тәжікстанға мыңдаған босқын қашып келген.

Рустам Назарзода егер Тәжікстанға тағы босқындар легі келетін болса, онда оларды Жалолиддин Балхи ауданындағы лагерьге қабылдайтынын жеткізді.

"Қазір бұл босқындарға арналған жалғыз пана. Болашақта халықаралық қауымдастықтың қолдауымен тағы бірнешеуін саламыз",- деді ол.

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы ауғандарға арналған лагерь салуға төрт гектар жер бөлінген. Бірақ ол бұл қанша босқынға арналғанын айтпады.

Осыған дейін Таулы Бадахшан автоном облысының Джайхун, Шаартуз, Шамсиддин Шохинаудандарынан босқындарға арнап 70 гектар жер бөлінгені айтылған.

Ресми мәлімет бойынша, қазір Тәжікстанда 15 мың ауған босқыны бар.

XS
SM
MD
LG